«ШЫМКЕНТ – 2200: Туристік креативті қала бейнесі» байқауы өтеді

0
445

Жеңімпаздар сертификаттармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталады.


«ШЫМКЕНТ – 2200: Туристік креативті қала бейнесі» байқауы өтеді

Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туризм күніне орай 26-27 қыркүйек күндері «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» атты форум-көрме өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға өтінімдер 9-20 қыркүйек аралығында қабылданады.

Талантты азаматтарды қолдай отырып, қаланың креативті бейнесін қалыптастыруға бағытталған шара – бәсекелестік қабілетті арттырып, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және туризм саласының өркендеуіне ықпал етеді.
Форум-көрме 6 номинациядан тұрады. Олар:
- Медиа
- IT-жоба
- Креативті архитектура
- Туризм саласындағы креативті қызметтер
- Қала бренды
- Гастрономия (Шымкент дәмі)
Басты талап:
- Жобаның сапасы
- Креативтілік пен өзектілік
- Авторлық жоба (плагиат емес)
Жобалар бейнеролик, макет немесе слайд түрінде қазақ/орыс тілінде презентация және электронды түрде (jpg, pdf, 1080p (FullHD)), бір автордан 3 жобаға дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін 8-25 қыркүйек арасында арнайы сайтында орналасқан арнайы анкетаны толтырып, shymkent2020@gmail.com поштасына жіберу қажет. Толық ақпарат алу үшін +7 (701) 102 17 17, +7 (702) 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Жеңімпаздар сертификаттармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталады.