ШЫМКЕНТ: 270 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті мемлекетке қайтарады

0
2 122

Құжат тапсыру кезінде кей тұрғындар табыс көздерін, қымбат көліктері мен зәулім үйлерін жасырған.


ШЫМКЕНТ: 270 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті мемлекетке қайтарады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік көмекті мемлекетке қайтаратын бұл тұрғындар еліміздегі ең мұқтаж азаматтарға тиесілі жәрдемақыны алу үшін табыс көзін жасырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға 67 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген және жәрдемақы олардың 80%-на мемлекеттен алған ақшасына есеп беру шартымен тағайындалады. Сонымен қатар, мемлекет қолдауының тек мұқтаж азаматтарға көрсетілуін қадағалау үшін мамандар арнайы тексерулер ұйымдастырып жатыр. Ал, тексерулер нәтижесі бойынша, құжат тапсыру кезінде кей тұрғындар табыс көздерін, қымбат көліктері мен зәулім үйлерін жасырғаны анықталған.

Нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қазір жергілікті комиссиялармен бірлесіп, шартты қаржылай көмек алғандарға қатысты тексеру жұмыстарына кіріскен. Қазірдің өзінде бірлескен топ табыс көзін жасырып жәрдемақы алған 300-ге жуық отбасыны анықтап, мемлекет қаражатын кері қайтаруға барын салып жатыр.

Сондай-ақ, жауаптылар «Алдағы уақытта мұндай әрекетке жол бермес үшін тиісті шараларды қамтып отырмыз» дейді.