ШЫМКЕНТ: 300-ден астам аналар қалалық әкімдікке жиналды (фото, видео)

0
2 662

Өтініштерін шаһар басшысына тікелей жеткізуге келген аналарды қала әкімінің орынбасарлары Қайрат Нұртай, Гүлжан Құрманбекова және басқа да басқарма басшылары, аудан әкімдері қабылдады.


ШЫМКЕНТ: 300-ден астам аналар қалалық әкімдікке жиналды (фото, видео)

Бүгін Шымкент қаласының әкімдік ғимаратына 300-ге тарта аналар қала әкімімен кездесуге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өтініштерін шаһар басшысына тікелей жеткізуге келген аналарды қала әкімінің орынбасарлары Қайрат Нұртай, Гүлжан Құрманбекова және басқа да басқарма басшылары, аудан әкімдері қабылдады.

Кездесуге жаңа туған нәрестесімен келген алты баланың анасы Алимова Динара үй кезегіне екі жыл бұрын тұрғанын, бірақ әлі қолы жетпей жатқанын айтады. Оның айтары тек бұл ғана емес, туғаннан мүгедек баласына берілетін жәрдемақыдан да қағылып отырған көрінеді.

"Мүгедек балам бар. Кезекке үйге тұрғанмын, әлі алмадық. Әкімшіліктен келіп көріп кеткен. Екі бөлмелі үйде, пәтер жалдап тұрамыз. Мүгедек баламның ақшасын алатын едім, соны енді табыс көзі деп бермей қойды. Тума мүгедек... Ол ақша өзіне ғана кетеді ғой. Пособиені ала алмай жатырмын... Енді береміз деп жатыр ғой, білмеймін...", - дейді ол.