ШЫМКЕНТ: «5-20-25» бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа сатып алу келісім шарты табысталды

0
493

Аталған тұрғын үйлер Нұрсәт шағын ауданында орналасқан.


ШЫМКЕНТ: «5-20-25» бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа сатып алу келісім шарты табысталды

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған және «5-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа тұрғын үй басқармасының мамандары пәтердің сатып алу келісім шартын табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатындағы азаматтар бар. Аталған тұрғын үйлер Нұрсәт шағын ауданында орналасқан №152,153,154,155-ші үйлер.
Аталған тұрғын үйлер бойынша келісім шарт жасаспаған азаматтар болса, қалалық Тұрғын үй басқармасына келіп сатып алу келісім шартын жасаса алады.
Бұдан бөлек, Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспанаға қол жеткізген болатын. Оның ішінде, 1079 пәтер "5-20-25" бағдарламасы бойынша, 250 пәтер "2-10-20 Бақытты отбасы" бойынша рәсімделген.
Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама "Шаңырақ" бағыты бойынша конкурс өткізіледі. Аталған бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады. Конкурстық пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер. Шаңырақ бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Конкурстық іріктеу мерзімі Отбасы банкпен төлем қабілеттілігін бағалау брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.