ШЫМКЕНТ: 5 сәуірден бастап "Сергек" айыппұл сала бастайды

0
1 742

Пилоттық жоба іске қосылғалы 15 243 жол ережелерін бұзылған.


ШЫМКЕНТ: 5 сәуірден бастап

Шымкентте «Қауіпсіз қала» жобасы аясында "Сергек" видеожүйесі толықтай іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының «Қауіпсіз қала» жобасы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жоба негізінде қала көшелеріне «Сергек» қондырғылары орнатылған болатын.

Бүгінде аталған пилоттық жобаны тәжірибелі сынақтан өткізу мерзімі аяқталып отыр. Енді 2019 жылдың 5 сәуірінен бастап жол ережелерін бұзған автокөлік жүргізіушілеріне ресми әкімшілік айыппұл салынатын болады.

Айта кетейік,пилоттық жобаның іске қосылғалы 15 243 жол ережелерін бұзу фактілері анықталған. Дегенімен, сынақ мерзімінде тіркелген жол ережесін бұзу фактілері бойынша айыпұл салынбайды.