​ШЫМКЕНТ: 8-ші шағынауданда карантин жарияланды

0
800

Індетті жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген.


​ШЫМКЕНТ: 8-ші шағынауданда карантин жарияланды

Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Осыған орай, Шымкенттегі 8-шағынауданда (№53 көпқабатты үй) карантин жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетсек, індетті жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты. Қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы).
Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркелді.