ШЫМКЕНТ: 86 жастағы зейнеткердің зейнетақысын банкоматтан алып беремін деп ұрлап кеткен

0
847

Алматы облысынан келген зейнеткер мегаполиске келгенде осындай келеңсіз жағдайға тап болды.


ШЫМКЕНТ:  86 жастағы зейнеткердің зейнетақысын банкоматтан алып беремін деп ұрлап кеткен

Шымкентте 86 жастағы зейнеткердің ақшасын ұрлап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте осы жылдың 5 қаңтарында қалалық банкоматтардың бірінің жанында зейнеткерге белгісіз ер адам келіп, банкоматтан ақша алып беруге көмектесемін деген. Ал, арам пиғылын іске асырмақ болған қала тұрғыны зейнеткерге банкомат карточканы жұтып қойғанын және осы мәселе бойынша банкке жүгіну қажет екенін айтқан. Зейнеткер аталған мекемеге кеткен сәтте, оның шотынан 100 мың теңгеден астам ақша алып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Зейнеткер бейтаныс азамат оны ұрлап кеткенін байқап, дереу полицияға жүгінді.

Шымкент қалалық ПД ЖБО-ның қызметкерлері күдіктінің белгілерін тергеу-жедел тобына беріп, оқиға орнына жолдады. Нәтижесінде, көп ұзамай күдікті ұсталды. Ұсталған азамат бұрын бірнеше рет сотты болған Түркістан облысының тумасы болып шықты.
Аталған жайт Шымкент қ. ПД Еңбекші АПБ-ның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген.