ШЫМКЕНТ: 90 отбасыға азық-түлік таратылды

0
2 185

Кувейт мемлекетінің «Дүние жүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы аясында Шымкенттік отбасыларға азық-түлік үлестірілді.


ШЫМКЕНТ: 90 отбасыға азық-түлік таратылды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Зекет» қоры және Кувейт мемлекетінің «Дүние жүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қайырымдылық аясында Кувейт мемлекетінің «Дүние жүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілі, доктор Ясир Мухаммад Али мырза және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтар құттықтау сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 5500-ден астам жағдай төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген болатын. Сол азаматтарға бір ай бойы кезегімен қайырымдылық көрсетіледі. Соның бір парасы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» атындағы орталық бас мешітінде 90 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда, құрма, 3 кг ет, 25 кг ұн, 5 кг қант, 5 кг күріш, 5 кг макарон, тұз, шәй, 2 литр өсімдікмайы т.б.

Осы орайда қайырымдылық шараға қолдау көрсеткен жомарт жандарға ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі өз алғыстарын білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі