ШЫМКЕНТ: Абай ауданында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші артып келеді

0
631

Жыл соңына дейін қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98 пайызға жететін болады.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші артып келеді

Шымкент қаласы Абай ауданында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші артуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданына қарасты Ақтас-2 елдімекенінде тұратын 200 отбасы бұған дейін ауыз суды тасмалдап ішіп келген. Ағымдағы жылы мөлтек ауданға таза су құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындар сапалы сумен қамтамасыз етілді. Тартылған су құбырының жалпы ұзындығы 50,9 шақырымды құрайды.
Қала тұрғындарының 95,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш биылғы жылы жүргізіліп жатқан 14 нысанның құрлысымен толықтырылуда.
Алдағы уақытта суды тасымалдау арқылы тұтынып отырған Асар-2, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас елдімекендері мен кестемен таза су ішіп отырған Жаңаталап пен Сәуле мөлтек аудандарындағы мәселе өз ретімен шешілуде.
Ағымдағы жыл соңына дейін қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98 пайызға жететін болады.