ШЫМКЕНТ: Абай ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

0
950

Акция барысында 500-ге жуық тұрғынға заңгерлік кеңес берілді.


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында «Заң керуені» акциясы өтті

Шымкент қаласында кезекті «Заң керуені» акциясы Абай ауданында өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республикалық акция шеңберінде Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев, Абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы, аудан әкімі Бұхарбай Парманов және көшпелі мобильді топ өкілдері тұрғындардың мәселесін тыңдап, құқықтық және заңгерлік кеңестерін берді.

Бүгін халықпен тікелей кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтардың өз аузынан естіп жатырмыз. Тұрғындар жерді заңдастыру, әлеуметтік төлем, құрылыс, қоғамдық көлік және тағы да басқа салаларға қатысты өзекті мәселелерін жеткізуде. Заңсыздықтар орын алып жатқан болса, осында жиналған құзырлы органдар мен мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірлесе мәселені шұғыл шешуге мүмкіндік бар. Кейбір азаматтарға заң талаптары жөнінде түсіндіріліп, құқықтық кеңестер беріліп жатыр, - деді қала прокурорының бірінші орынбасары.
Айта кетейік, «Заң керуені» акциясы бүгін өз мәресіне жетті. Абай ауданында акция барысында 500-ге жуық тұрғынға заңгерлік және құқықтың кеңес берілді. Осы іс-шара барысында шешімін таппаған мәселелер Шымкент қаласы прократурасының бақылауына алынып, зерделеу жұмысы жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.