Шымкент: Абай ауданындағы 59 тойхана қызметін уақытша тоқтатты

0
1 073

Сонымен қатар Шымкент әуежайы мен «Самал», «Бекжан» базарларының және 1 мал базары мен 2 автокөлік базарының, 59 тойхананың, 31 моншаның жұмысы тоқтады.


Шымкент: Абай ауданындағы 59 тойхана қызметін уақытша тоқтатты

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданындағы 59 тойхана қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов хабарлады.

Аудан басшысы 12 ірі сауда орталығы, Шымкент әуежайы мен «Самал», «Бекжан» базарларының және 1 мал базары мен 2 автокөлік базарының, 59 тойхананың, 31 моншаның жұмысы тоқтағанын айтты.

Спикер шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 10 шағын базар мен 1054 азық-түлік дүкені күнделікті жұмыс істеп тұрғанын жеткізіп, бақылау шараларының күшейтілгенін жеткізді.

Аудандағы 252 қоғамдық тамақтандыру орындарына қажетті залалсыздардыру құралдарының орнатылып жатқанын айтқан Б.Парманов тиісті талаптарды ескермеген нысандардың қызметіне шектеу қойылатынын хабарлады.