ШЫМКЕНТ: Аccамблея мүшелері 140 оқушыға көмек көрсетті

0
759

Іс-шара «Мектепке жол» акциясы аясында өтті.


ШЫМКЕНТ: Аccамблея мүшелері 140 оқушыға көмек көрсетті

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері аз қамтылған, көпбалалы отбасының балаларына қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл қайырымдылық шарасы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы Дала елінің дәстүрлеріне негізделген «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында «Жылу» тақырыбымен өтіп, 140 оқушыға мектепке қажетті керек-жарақтар, киім-кешектер табысталды.


Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында қаладағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары бүлдіршіндерге табыс тілеп, ыстық лебіздерін білдірді.

«Сіздер – тәуелсіз еліміздің болашағысыздар. Сондықтан, аға буын өкілдері өздеріңізге үлкен сенім артады. Елімізде жеткіншектердің сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін қажетті жағдай жасалуда. Өсіп келе жатқан ұрпаққа жан-жақты қолдау көрсету Қазақстан халқы Ассамблеясының ең басты міндеттерінің бірі», - деді Шымкент қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Гузаль Темирова.


Айта кетейік, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қалалық этномәдени бірлестіктерді ұйымдастыра отырып, ай сайынғы қайырымдылық акцияларын өткізіп келеді.