Шымкент агроөнім өңдейтін орталыққа айналады

0
2 558

Елуден аса кәсіпорын құрылады.


Шымкент агроөнім өңдейтін орталыққа айналады

Шымкент агроөнім өңдейтін орталыққа айналады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
Шымкентте биыл тағы үш өндірістік аймақ құруды көздеп отырмыз. Атап айтқанда, құрылысы маусым айында басталатын – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Бұл жерде құрылыс, металлургия, фармацевтика мен жиһаз өнеркәсібі шоғырланады. Елуден аса кәсіпорын құрылады, – деді Мұрат Әйтенов.
Қала әкімінің айтуынша, Шымкенттің батыс бөлігінде аумағы 136 га жерге заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу көзделген. Осы бойынша 28 жоба іске асырылмақ. Сонымен қатар қаланың солтүстік бөлігінде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда.
Айта кетейік, ауылшаруашылық өнімдерін дайындайтын бұл аймақтар Шымкентті агроөнім өңдейтін орталыққа айналдырмақ.