Шымкент әкімдігінде бірқатар жаңа тағайындаулар болды

0
2 057


Шымкент әкімдігінде бірқатар жаңа тағайындаулар болды

Шымкенттегі тағы екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы міндетін атқарушы қызметіне Әлия Шалхарова тағайындалды.

Ал қалалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы міндетін уақытша Марат Оразәлі атқаратын болды.

Еске сала кетейік, Шымкент мемлекеттік кірістер департаментіне Нұралхан Көшеров және Қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы міндетін атқарушы қызметіне Мұрат Базарқұлов тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.