«Shymkent «ӘКК» АҚ басқармасына төраға тағайындалды

0
1 248

ҚР Премьер-Министрі Кеңесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарып келген.


«Shymkent «ӘКК» АҚ басқармасына төраға тағайындалды

Шымкент қаласы Директорлар кеңесінің шешімімен «Shymkent «ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болып Нұржан Өмірсерікұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұржан Өмірсерікұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» және Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

  • 2005 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің есепшісі болып бастаған; 2006-2008 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы;
  • 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутатының көмекшісі;
  • 2011-2014 жылдары Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы;
  • 2014-2018 жылдары Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болса, бүгінгі күнге дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарып келген.