ШЫМКЕНТ: Ақжайық шағынауданы сапалы интернетпен қамтылады

0
630

Қазіргі таңда 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылған.


ШЫМКЕНТ: Ақжайық шағынауданы сапалы интернетпен қамтылады

Шымкент қаласы Қаратау ауданының Ақжайық шағын ауданында интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылы Ақжайық шағын ауданында оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстарын жүргізу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, қалалық цифрландыру басқармасы жеке инвесторлар тартқан болатын.

Бүгінгі күні, «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан шағын ауданға талшықты оптика желісі толық (100%) жүргізіліп, 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылып, оның ішінде 200 ден астам үйге жоғарғы жылдамдықты сапалы интернет тартылған.
Алайда, шағын ауданда интернетке қосылмаған үйлердің бар екендігі белгілі болды. Осыған орай, басқарма басшысы Әбдіраханов Әсет Маратұлы шағын аудандағы тұрғындармен арнайы жолығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп интернет желісіне қосылуға кеңес беріп қайтты.