ШЫМКЕНТ: Ақжайық шағынауданы сапалы интернетпен қамтылды

0
443

Бүгінде «i-LinkNet» ЖШС тарапынан 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылды.


ШЫМКЕНТ: Ақжайық шағынауданы сапалы интернетпен қамтылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, елдімекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов осы мақсатта Ақжайық және Достық тұрғын алаптарына барды. Мақсұт Пернебайұлы елдімекендерді интернетпен қамту мәселесі бойынша цифрландыру басқармасының өкілдері және инвесторлармен бірге тұрғындармен кездесті.

Биыл Қаратау ауданына қарасты 4000-нан астам үйі бар Ақжайық шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстары атқарылып, басқармамен жеке инвесторлар тартылған болатын.
Бүгінде «i-LinkNet» ЖШС тарапынан 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылды. Оның ішінде 200-ден астам үй жоғары жылдамдықты сапалы интернетпен қамтылды. Алайда шағынауданда интернетке қосылмаған үйлердің бар екендігі анықталып отыр.
Сонымен қатар, инвестор Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тарту жұмыстарын жүргізіп, тамыз айында толыққанды сапалы интернетпен қамтуды көздеуде.
Тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда мердігер компания шағынауданды толыққанды талшықты оптика желісімен қамтамасыз ететін болады.