ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

0
366

Аудандағы 404 көшенің ұзақтығы 282 шақырым жолдың 80 пайызына асфальт төселген.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 пайызды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудандағы 404 көшенің ұзақтығы 282 шақырым жолдың 80 пайызына асфальт төселген. Биыл шалғай елді мекенде орналасқан 13 көшеге 5,2 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Сәуле» шағын ауданы 195 орамдағы 8 көшеге 3,4 шақырым, Ақтас-2 елді мекеніндегі 5 көшеге 1,8 шақырым тас төселді.
Аудандағы 404 көшенің 103-і жарықтандырылған. Ал 22 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 6 көше (Жабайы ата, Жұлдыз, Тәжібай ата, Баянауыл, Көктөбе, Дәулетұлы көшелері) жарықпен қамтамасыз етілді.
Ал бұқаралық спортты дамыту мақсатында ағымдағы жылы ауданда жалпы 31 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, келесі жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 50 аулада абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын құру және 10 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізіледі. Ал 13 спорт алаңшасы қайта жөндеуден өтеді.
Сондай-ақ, 20 көшеге асфальт төсеу бойынша тиісті басқармаға ұсыныс берілді. Демеушілер есебінен «Ақылды аялдама» салу және «Ауыз су бұрқағын» орнату жұмыстары жалғасын табады.
Айта кетейік, биыл ауданда 2 «Смарт аялдама» және 7 «Ауыз су бұрқағы» пайдалануға берілген.