ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданының әкімі тұрғындармен кездесті

0
552

Кезекті кездесу Ескі қалашық, Дулати, Қазыбек би, Байтұрсынов, Тәуке хан, Желтоқсан, Қонаев, Желтоқсан көшелері тұрғындарымен өтті.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданының әкімі тұрғындармен кездесті
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында ай сайын тұрғындармен кездесу тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін кезекті кездесу Ескі қалашық, Дулати, Қазыбек би, Байтұрсынов, Тәуке хан, Желтоқсан, Қонаев, Желтоқсан көшелері тұрғындарымен өтті. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев аталған секторларда атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндап өтті.
Мұнда инфрақұрылым мәселесі толық шешімін тапқан, электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған. Кәріз жүйесі 95 пайызды құрайды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 15 балалар ойын алаңшасы салынды. Сондай-ақ, 1 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деді аудан әкімі.
Ағымдағы жылы 4 көшеге асфальт төселді. Жүздесуде тұрғындар Рашид Мамытұлына Қонаев жолайрығының құрылысы, кәріз жүйесі, көшені жарықтандыру, асфальт төсеуге қатысты сауалдарын қойып, жауап алды.