«Шымкент-Алматы» және «Шымкент-Нұр-Сұлтан» автобус бағыттары тоқтатылды

0
1 725

Шымкент қаласындағы «Бекжан», «Самал» автовокзалдарынан және «Көктем» автостанциясынан аттанатын облысаралық қалааралық «Шымкент-Алматы» және «Шымкент-Нұр-Сұлтан» автобус бағыттары уақытша жүрмейді.

Әлемде орын алған коронавирус инфекциясының елімізде таралуына жол бермеу мақсатында, республикалық маңызы бар Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланып, кіріп-шығуға шектеу қойылуына байланысты, осы екі қалаға қатынайтын автобустар 18-наурыздан бастап уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.