​ШЫМКЕНТ: Ардагерлер арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды

0
473

Жарысқа 50-ден астам ардагерлер қатысты.


​ШЫМКЕНТ: Ардагерлер арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды

Шымкент қаласында ардагерлер арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауындағы денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы: салауатты өмір салты мен адам капиталын дамытуға басымдық берілмек.

Осыған орай, 25 - қазан Республика күні қарсаңында қаламыздағы ардагерлер арасында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен үстел тенисі, дойбы, шахмат, бильярдтан спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа 50-ден астам ардагерлер қатысып, жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласында зейнеткерлер саны – 84 844, оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 5, тыл еңбеккерлері – 2 390.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 1 қазан – халықаралық қарттар күні қарсаңында зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» атты орталық ашылды. Жалпы қалада «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әр ауданда бөлімшелері ашылып, зейнет жасқа жеткен азаматтарға 4 сағатқа дейінгі екі ауысымда ақысыз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, жалғызілікті зейнеткерлерге арналған 3 мезгіл ыстық тамағы қосылған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді.

Биыл зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерге қарастырылып, қазіргі таңға дейін 3 санаторлық емдеу орындарымен (Шымкент қаласының "Денсаулық" шипажайы, Түлкібас ауданының "Ақсу-Жабағылы" және Тараз қаласының "Айша бибі" курорттарымен) келісім шарттар түзілген. Тамыз айының қорытындысы бойынша 2 040 зейнеткерге жолдама беріліп, санаторлық-курорттық емдеуге жолданған.