ШЫМКЕНТ: Арыстық 8 жасар балаға ота жасалды

0
1 258

Баланы Алматыдан жеткен дәрігерлер де қарап шықты.


ШЫМКЕНТ: Арыстық 8 жасар балаға ота жасалды

Шымкент қаласындағы қалалық клиникалық балалар ауруханасында бүгін түнде Арыс қаласының тұрғыны, 8 жасар балаға ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, балақай жол көлік оқиғасында жарақат алған. Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының нейрохирургінің қатысуымен түнде балаға мидың декомпрессионациясы, субарохноидальді қан кетуді жою мақсатында шұғыл түрде ота жасалды. Ота аяқталған соң Алматыдан арнайы жеткен реаниматолог пен нейрохирург баланы қарап шықты.

"Шұғыл медицина координациялық ұлттық орталығының директоры Б.Ж.Оспанов пен Шымкенттің бас дәрігері А.М. Байдувалиев республикалық санитарлық авиация мамандарымен бірге Арыстағы жарылыс салдарынан жараланған жараланған науқастардың жағдайын бақылап, қадағалап жүр. Мониторинг жүргізіп ем шараны жүйелеуде," - деп хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, зардап шеккен азаматтарды қабылдау үшін Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда қосымша 280 төсек-орын ашылған.

Қалалық алты медициналық ұйымда 110 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 37 азамат ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, 21 азаматқа қалалық емханадағы дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен.