ШЫМКЕНТ: Астана даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына ауыстырылды

0
3 030


ШЫМКЕНТ: Астана даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына ауыстырылды

Шымкент қаласындаға Астана даңғылы Нұрсұлтан Назарбаевтің есімі берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Президентінің міндетін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің қос палатасы депутаттары және ҚР Үкіметі мүшелері алдында сөйлеген сөзінде Астана қаласының атауын және еліміздегі облыс орталықтарында Елбасы Н.Назарбаевқа көше аттарын беруді ұсынған болатын. Осыған орай, алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясында қала депутаттарының қолдауымен Шымкент қаласындағы Астана көшесіне Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді.


Фото авторы: Дастан Баширов

Қазіргі таңда Астана даңғылы – Шымкент қаласының бас көшесі. Онда қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан.
Сонымен қатар, кезектен тыс ұйымдастырылған жиынға қала әкімі және әкімдік мүшелері, жергілікті атқарушы орган басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.