ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмек 6 мыңға жуық отбасыға тағайындалды

0
1 918

Сәуір айы басталғалы 14000-нан астам тұрғыннан жаңа өтініш қабылданған.


ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмек 6 мыңға жуық отбасыға тағайындалды

Шымкентте 6 мыңға жуық отбасына қаржылай көмек тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмекті дер кезінде үлестіру үшін қазір мамандар күні-түні жұмыс істеп жүр. Халыққа ыңғайлы қызмет көрсету үшін аудан әкімдіктерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қала бойынша 8 жерде жұмыспен қамту орталығының бөлімшелері ашылған. Қабылдау орындарына 150 адамға дейін жұмылдырылған. Олар сәуір айы басталғалы 14000-нан астам тұрғыннан жаңа өтініш қабылдаған.

Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:
Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген отбасыларға сәуір айында қабылданған өтініштердің барлығы қамтылады. Сонымен қатар, қала тұрғындарының әлеуметтік көмек ала-алмай қаламын деген күдіктің болдырмауын және барлық сәуір айында өтініш білдірген отбасыларға толыққанды заң аясында өтініштер қаралып, толық қамтылады.
Салаға жауаптылар атаулы әлеуметтік көмекке қаралған қаражаттың жеткілікті екенін айтады. Сондықтан да көмекке зәру тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ. Айта кетейік, былтыр Шымкентте 10 мыңнан отбасы атаулы әлеуметтік көмек алыпты. Биыл бұл жәрдемді алатындар саны едәуір артпақ.