ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті кімдер, қай күні тапсыратыны белгілі болды

0
2 152

АӘК-ге өтініш білдіруші тегінің (фамилия) бірінші әрпі бойынша қабылданады.


ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті кімдер, қай күні тапсыратыны белгілі болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте АӘК-ге құжаттар тапсыру 2020 жылдың 5 қаңтарында басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласында АӘК-ге құжат тапсыру тәртібі:

1. Өтініш білдіруші тегінің бірінші әрпі бойынша қабылданады

  • А, Ә – 5-6 қаңтар;
  • Б, В – 8-9 қаңтар;
  • Г, Ғ, Д – 10-13 қаңтар;
  • Е, Ё – 14-15 қаңтар;
  • Ж, З – 16-17 қаңтар;
  • И, Й – 20 қаңтар;
  • К, Қ – 21-22 қаңтар;
  • Л, М – 22-23 қаңтар;
  • Н, О, Ө – 27 қаңтар;
  • П, Р – 28 қаңтар;
  • С, Т – 29 қаңтар;
  • У, Ү, Ұ – 30 қаңтар;
  • Ф, Ц, Х, Ч, Ш, Щ, І, Ы, Э, Ю, Я – 31 қаңтар күндері.


2. Тиісті құжаттар – жеке куәлік және өтініш берушінің банктен жеке есепшоты

  • Отбасында 23 жастан аспаған студент бала болса, оқу орнынан анықтама;
  • Некені бұзу туралы куәлік болған жағдайда, алимент туралы анықтама;
  • Әке болып тану туралы (егер әкесі отбасымен бірге тұрмаса) куәлік болса, алимент туралы анықтама қажет.


3. АӘК-ге өтініш берушілер тұратын мекенжайы бойынша өз ауданының мамандарына жүгінеді.

Мамандар немесе кеңесшілерге наразы болған жағдайда бөлім басшыларына хабарласуға болады:

  • Абай ауданы – Бөрібеков Еркебұлан Мұратұлы, 8-707-125-7696;
  • Әл-Фараби ауданы – Давлетов Зухруддин Закиржанович, 8-775-651-8689;
  • Еңбекші ауданы – Амангелді Қонарбай Амангелдіұлы, 8-702-962-8816;
  • Қаратау ауданы – Нұрбекова Айгерім Сайфидинқызы, 8-701-127-1113.