ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмекті беру қай кезде тоқтайтыны белгілі болды

0
3 599

Атаулы әлеуметтік көмек 6 және 12 айға екі санат бойынша тағайындалады.


ШЫМКЕНТ: Атаулы әлеуметтік көмекті беру қай кезде тоқтайтыны белгілі болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынынң басшысы атаулы әлеуметтік көмек беру қашан тоқтайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балтаев Ғалымжан Талғатұлы қалалық әкімдік ғимаратында өткен баспасөз брифингінде айтып берді. Оның айтуынша, 6 немесе 12 айға тағайындалған шартсыз және шартты көмек мерзімі аяқталғаннан кейін, арнайы қызметкерлер сол отбасылардың үй жағдайына тексеру жасап, төлеу немесе төлемеу керек екенін анықтайды.

«Егер, қазіргі заң өгеріп, атаулы әлеуметтік көмек тоқтады деп айтпайынша, төлене береді. Ал, ол отбасылар мұқтаж жағдайынан тез шығып кетсе, яғни, отбасыға кіретін табысты жан басына шаққанда белгіленген межеден асып кетсе немесе сол үйден бір адам жұмысқа тұрып жағдайлары жақсарып кеткен уақытта атаулы әлеуметтік көмекті беру тоқтатылады», - деді басқарма басшысы өз сөзінде.

Айта кетейік, аталған басқарма басшысы атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар ақшаның қайда жұмсалғаны жайлы есеп беретінін де айтқан болатын.