ШЫМКЕНТ: Аты-жөніңізді ХҚО арқылы қалай өзгертуге болады?

0
382

Жыл басынан бері аты-жөнін өзгерту үшін 3 мыңға жуық өтініш қабылданған.


ШЫМКЕНТ: Аты-жөніңізді ХҚО арқылы қалай өзгертуге болады?

Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы аты-жөнін өзгерту үшін 3 мыңға жуық өтініш қабылданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін: біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.⠀

Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.⠀
Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.⠀
2021 жылдың басынан бастап Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы аты-жөнің өзгерту үшін 3 мыңға жуық өтініш қабылданды.
Қажетті құжаттар тізімі:⠀
– белгіленген үлгідегі өтініш;⠀
– жеке басын куәландыратын құжат;⠀
– 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.⠀
Мелекеттік баж көлемі:⠀
– аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК ⠀
– аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК⠀
Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.⠀