ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылығы саласында 250-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды

0
444

20-ға жуық жоба іске қосылды.


ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылығы саласында 250-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасында бірқатар жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда:
- жалпы өнім көлемі 31,1 млрд теңгеге жетіп, 101,6% артты;
- ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 99,3 млн АҚШ долларын құрап, 103,2 пайызға ұлғайды;
- Бөлшек сауданың көлемі 331,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,1 пайызға артты;
- ауыл шаруашылығының негізгі капиталы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 4269,2 млн теңге инвестиция тартылды;
- 29,3 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп (+1,4 мың га), 85,4 мың тонна өнім жиналды;
- қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 9 га жылыжай кешені салынып, жалпы көлемі 204 га-ға жетті.
Сонымен қатар, биыл салада 17 жоба іске қосылып, 248 жаңа жұмыс орны ашылды. Олар: «Корно-1» ӨК, «Эгамназаров» ЖК, «Наурыз» ЖШС, «Асыл-жұлдыз» СПК, «Байзаков Е» ШҚ, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК, «Лапиев» ЖК, ЖК «Халаев», «Зертас» ШҚ, «Алтынсай» ШҚ, «AgroPark» ЖК, «IGM Corporation» ЖШС, «Алина» ШҚ, ЖК «Орынбасарова Г» (Айнакөл), «Тассай құс» ЖШС, «Алан и Компания» ЖШС.