ШЫМКЕНТ: «Азаматтық Альянс» бірлестігінің конференциясында бірқатар мәселелер талқыға түсті

0
1 112

«Азаматтық альянс»: атқарылған жұмыс пен алдағы жоспар талқыланды


ШЫМКЕНТ: «Азаматтық Альянс» бірлестігінің конференциясында бірқатар мәселелер талқыға түсті

Шымкент қаласында «Азаматтық Альянстың» атқарушы органының және тексеру комиссиясының есебі, үйлестіру кеңесінің құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиынға ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, қалалық ішкі саясат және дін істері, отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармалары мен партия өкілдері қатысып, Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсының» президенті Жұмағали Білісбеков басты мәселелерге тоқталып өтті.

«Жылына бір рет өтетін Азаматтық Альянс конференциясында әріптестерге, халыққа есеп беріліп, ҮЕҰ-мен бірігіп қандай жұмыстар атқарып жатқанымыз нақты айтылуы қажет. Жыл басынан бері қандай мәселелерді көтеріп, Азаматтық Альянс ҮЕҰ-ға қандай көмек көрсетуде? Біз осы жұмыстарды таразылап алуымыз керек. Жалпы айтқанда, ҮЕҰ-дың жұмысын көрсету, ынталандыру. Жастарды, партия өкілдерін шақырып отырмыз. Енді бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Қала әкімідігі көп жәрдем беруде. Таяуда отыратын жайымызды реттеп берді», – деді Жұмағали Дәулетбекұлы.

Сондай-ақ, конференция барысында «Азаматтық Альянстың» атқарушы директоры Юсуп Арзыханов атқарушы органның есебін баяндады. Оның айтуынша, 2018-2019 жылдары «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ жұмыс жүргізуіне жағдай жасау, ресми сайт және әлеуметтік желілерде парақша ашу, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылық және қаржылық есеп бойынша кеңестер беру бойынша іс-шаралар жоспарланған. Тиісінше, бүгінгі таңда барлық жоспарлы жұмыс орындалған.

Сонымен қатар жиын соңында, алда стратегиялық жоспар жасау, ҮЕҰ-ның әлеуетін арттыру бойынша тренерлер командасын қалыптастыру маңызды екені айтылды.