ШЫМКЕНТ: "Азат" шағынауданына ауыз су құбыры тартылуда

0
1 814

Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ:

Шымкенттегі "Азат" шағынауданына ауыз су құбыры тартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданы “Азат” шағынауданы тұрғындары ауыз су мәселесімен шағымданған еді. Әлеуметтік желіге жарияланған материалды ақпараттық-коммуникациялық орталық назарға алып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Анықталғандай шағынаудандағы ауыз су жүйесі жекеменшік балансында. Қазіргі таңда шағынауданда су қысымының төмендегені анықталып, жұмыс жүргізілуде. Дегенмен осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында “Азатқа” мемлекет тарапынан су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.