Шымкент: Бадам каналында су электр станциясы салынады

0
1 228

Жобаның құны – 738 миллион теңге. Яғни, жабдық сатып алу, су электр станциясының ғимаратын салу, 1,5 км құбыр тарту жұмыстары атқарылады.


Шымкент: Бадам каналында су электр станциясы салынады

Маятас тұрғын алабындағы «Бадам» каналында инвесторлар арқылы су электр станциясы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кіші су электр станциясының қуаттылығы 1МВт болады деп жоспарлануда. Бұл қалалық орта үшін шуылы өте аз инновациялық суасты станциясы. Өндіріс қуаты жылына 8,5 млн. КВт.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгінгі Еңбекші ауданын аралау барысында Маятас тұрғын алабына ат басын бұрып, «Бадам» каналына салынатын жобамен танысты.
Жобаның құны – 738 миллион теңге. Яғни, жабдық сатып алу, су электр станциясының ғимаратын салу, 1,5 км құбыр тарту жұмыстары атқарылады.
Су электр станциясы заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталады. Атап айтқанда, Германияның DIVE технологиясы бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа станция құрылысында 16 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.