ШЫМКЕНТ: Бадам өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

0
2 955

Судың күрт төмендеуінен маринкалар өліп қалуы мүмкін деген де болжам жасады. ​


ШЫМКЕНТ: Бадам өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттегі балықтардың қырылуы туралы сараптама нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі балықтардың жаппай қырылуы туралы сараптама нәтижесі белгілі болды. Балық өлекселерін тексерген зертхана қызметкерлері паразиттер мен радиацияға да қарсы талдау жасаған. Алайда қауіпті ештеңе таппаған. Балықтың жаппай қырылуының нақты себебін айту үшін, су сынамаларының нәтижелері де қажет. Ол әзірге дайын емес. Ал, сарапшылар өзендегі судың күрт төмендеуінен маринкалар өліп қалуы мүмкін деген де болжам жасады.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Бауыржан Саржановтың сөзінше, балықтардан проба алынған. Пробаны республикалық зертханаға өткіздік. Сол результат бойынша ешқандай жұқпалы аурулар, радиология мен паразитологияға тексерілді. Ешқандай ауру белгілері анықталмаған.

Еске сала кетсек, 8 наурыз күні Бадам өзенінде балықтардың жаппай қырылып жатқаны туралы хабар жеткен болатын. Бадамдағы балықтардың жаппай қырылып жатқаны туралы алғаш болып балықшылар дабыл қақты. Олардың айтуынша, өзен суының түсі лезде өзгеріп, тұнығы лайланып кеткен.

Сарапшылардың айтуынша, жауыннан судың көлемі үлкейіп шетке қарай су тасып сол балықтар содан қалып кеткен болуы керек деп жорамалдап отыр.