ШЫМКЕНТ: Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысына жолайрық салынады

0
982

Маңызды жобаның құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланған.


ШЫМКЕНТ: Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысына жолайрық салынады

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Бәйдібек би - Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайырығын салу жұмыстары жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, маңызды жобаның құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланған.
Нысан құрылысына жауапты мердігер - «КазахДорСтрой» ЖШС. Ал техникалық қадағалаушы - «ЮжКазЭксперт» ЖШС.
Құрылыстың техникалық көрсеткіштеріне сәйкес, Байдібек би даңғылында 700 м, Арғынбеков көшесінде 921 м аралықта жол жұмыстары жүргізілетін болады.
Жоспарға сәйкес жолайрықта ені 80 метрлі 4-6 жолақты жол қаралған және 61 учаскені мемлекет мұқтаждығына алу көзделген. Сонымен қоса жол жиегінде 1,5 метр жаяу жүргінші жолы және 1 метрлі веложол салынатын болады.