ШЫМКЕНТ: Бәйтереков көшесіндегі жөндеу жұмыстары жақында аяқталады

0
411

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 пайызы біткен.


ШЫМКЕНТ: Бәйтереков көшесіндегі жөндеу жұмыстары жақында аяқталады

Шымкент қаласы С.Бәйтереков көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Шымшаһарда 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Б.Момышұлы, С.Бәйтереков, Т.Рысқұлов, Ж.Тәшенов, Ғ.Иляев, Ж.Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин көшелері бар.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, Шымкенттегі басты магистралды, көлік ағыны жоғары көше болып табылатын С.Бәйтереков көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу жұмыстары аяқталуға жақын. Жауапты мердігер мекеме – «Профиленд» ЖШС.
Жөнделетін көшенің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жаяу жүргіншілер жолына мәрмәр тас қосымшасымен жасалған жолаяқ төсеніші қойылған. Мердігер компания өкілінің айтуынша, ол ұзақ мерзімге шыдамды әрі қыста тайғақ болмайды. Сонымен бірге, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.
Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80 пайызы біткен. Жұмыстар күз мезгілінің соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.