ШЫМКЕНТ: БАҚ өкілдерінің арасында спартакиада басталды

0
614

Бүгінгі жарыс волейбол ойындарынан басталды.


ШЫМКЕНТ: БАҚ өкілдерінің арасында спартакиада басталды

Бүгін Шымкентте 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара алдымен кеше ғана өмірден озған оңтүстік журналистикасының атасы, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбекті бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

БАҚ өкілдерінің спорттық бәсекесін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы, 11 команда болып жасақталған жарысқа қатысушылар спорттың волейбол, шахмат, футбол, үстел теннисі, бильярд және арқан тарту түрі бойынша сайысқа түседі.
Бүгінгі жарыс волейбол ойындарынан басталды.