Шымкент: "Бал текстиль" ЖШС директоры коронавирусқа қарсы күреске 5 млн теңге бөлді

0
943

"Бал текстиль" ЖШС директоры Талғат Жүнісбекұлы Ысқақов коронавирус індетіне қарсы күреске 5 млн. теңге аударып, өз үлесін қосты.


Шымкент:

Шымкенттік кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 5 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүкіл әлемді шарпыған індет өкінішке орай Қазақстанды да айналып өтпеді.

Алайда, шымкенттік кәсіпкерлер де бұл жағдайда қарап қалған жоқ. Үнемі игі істердің басынан табылатын шымкенттік кәсіпкер - "Бал текстиль" ЖШС директоры Талғат Жүнісбекұлы Ысқақов коронавирус індетіне қарсы күреске 5 млн. теңге аударып, өз үлесін қосты.

Қазақ кілемін бренд ретінде әлемге танытып жүрген кәсіпкер:

"Бұл індетті жеңу үшін жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсатқа күш біріктіруіміз қажет. Талай зобалаңды өткерген ұлы елдің ұрпағы ретінде бұл індетті де жеңеміз деп сенемін. Біз біргеміз",- дейді дейді.