Шымкент: Бір аптада 7571 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

0
1 053

Тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүрген 25 азамат анықталып, 16 адамнан суық қару табылған.


Шымкент: Бір аптада 7571 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Шымкентте 23-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның мақсаты - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу.

Апта ішінде 7571 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның:
- Ұсақ бұзақылық – 1076;
- Тыныштықты бұзу дерегі - 656;
- Қоғамдық орында мас күйде жүрген -1214;
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінен табылуы-656;
- ҚР Тiркеусiз немесе жеке басты куәландыратын құжатсыз жүру -1822;
- Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбаған -747;
- Жаяу жүргiншiлердiң ереже бұзу фактісі бойынша 1219 дерек тіркеліп отыр.
Бұдан бөлек, тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүрген 25 азамат анықталып, 16 адамнан суық қару табылған. Сондай-ақ есірткі тасымалымен айналысқан 9 азаматтың жолы кесілді.