Шымкент: "Біз - жеңістің мұрагеріміз!" атты эстафетасын қабыл алды

0
1 311

Бұл тағзым эстафетасы 5 ақпан – 5 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде жалғасады.


Шымкент:

Үшінші мегаполистегі Даңқ аллеясында Шымкент гарнизоны даңқты панфиловшылар дивизиясының Жауынгерлік туының көшірмесін салтанатты түрде Алматы қаласынан қабыл алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл тағзым эстафетасы 5 ақпан – 5 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде жалғасады. Ол 2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында өткен ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары аясында өткізілмек.

Тағзым эстафетасы Ұлы Отан соғысында Отанын жанқиярлықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, есімдерін ел есінде сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

Еске алуға жиналғандар Мәңгілік алау кешеніне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.