ШЫМКЕНТ: блок-постта қызмет етіп жатқан медицина қызметкерлері тегін тамақпен қамтамасыз етілді

0
932

Бұл шара «Біз біргеміз!» акциясы аясында ұйымдастырылды.


ШЫМКЕНТ: блок-постта қызмет етіп жатқан медицина қызметкерлері тегін тамақпен қамтамасыз етілді

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» мен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының қалалық филиалымен бірлесе отырып игі істі жүзеге асырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында тұрғындар қауіпсіздігі үшін Шымкент қаласындағы блок-бекеттерде тәулік бойы қызмет етіп жатқан медициналық қызметкерлерді ыстық тағаммен және сусынмен қамтамасыз етті.

Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте кәсіподақ қызметкерлері осылайша жомарттық танытты. Қос мекеменің қаладағы 12 блок-постта қызмет етіп жатқан мамандарды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жатқандығына бүгін екінші күн.