ШЫМКЕНТ: «Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы» тақырыбында сұхбат өтті

0
705

«Antikor.Live» жобасы аясында өткен эфир барысында, «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.


ШЫМКЕНТ: «Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы» тақырыбында сұхбат өтті

«Аntikor ortalyǵy» сервистік орталығының алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, қалалық мәслихат депутаты, Сайрам көмекші мектеп – интернат колледж директоры Жадыра Таңатаровамен «Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы» тақырыбында тікелей эфирде сұхбаттасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Спикер баланың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда әдет-ғұрып, жүріс-тұрыстың, мемлекеттік рәміздердің де орны зор екендігін алға қоя отырып, ата-ананың өзі патриот азаматтар болуы тиіс екенін айта кетті.
«Antikor.Live» жобасы аясында өткен эфир барысында, «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, қоғамда «зорлық-зомбылық» ұғымын дұрыс түсінуді, оның жағымсыз салдарының алдын алу мақсатында «111» сенім телефоны жайлы ақпарат берілді.
Жадыра Нағашыбайқызы, балалар көбіне ұстазға қарай бой түзейтіндігі, ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке тұлға болып қалыптасуында тікелей әсер ететіндігіне көңіл аударды.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде атқарып жатқан қоғамдық жұмысына тоқталып кетті.