ШЫМКЕНТ: COVID-19 бойынша алдын алу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

0
773

Шет елден келетін азаматтарды дер кезінде денсаулық жағдайын анықтау және алдын алу іс шаралары қарқынды жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: COVID-19 бойынша алдын алу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Шымкентте денсаулық сақтау басқармасы жанынан құралған мониторинг штаб тәулік бойы жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Штаб қызметкерлері күнделікті 24-сағат бойы COVID-19 бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтарға қоңырау шалу және мониторингтеу жұмыстарын жүргізіп, мониторинг анықтайды.

Бұл жұмыс тобы ағымдағы жылдың 16-шы наурыз күні Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Штаб мүшелерінің мониторинг жұмыстары арқасында шет елден келетін азаматтарды дер кезінде денсаулық жағдайын анықтау және алдын алу іс шаралары қарқынды жүргізілуде.
Штаб қызметкерлерінің тарапынан Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысына сәйкес 1 А, 1 Б, санаттағы елдерден келген азаматтарды провизорлық стационардағы карантинді, үйдегі карантиндік оқшаулауды және медициналық бақылаудың мониторингісін жүргізеді. Қаладағы барлық медициналық ұйымдар бұл бағытта күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау саласы бойынша сұрақтарыңыз болса 39-33-47 ☎және 1406