ШЫМКЕНТ: Дамуында ерекшелігі бар балаларға қолдау көрсетілді

0
1 807

Шымкентте «Мейірімді алақан» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өтті.


ШЫМКЕНТ: Дамуында ерекшелігі бар балаларға қолдау көрсетілді

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінде «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында «Мейірімді алақан» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өтті,- деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Мейірімді алақан» атты Республикалық ата-аналар конференцияның алғашқысы Астана қаласында өткен болатын. Енді Шымкент қаласында ұйымдастырылып отыр. «Кедергісіз болашақ» жобасының мақсаты дамуында ерекшелігі бар балалардың адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін арттыру, әлеуметтік тұрғыда қорғалу болып табылады.


Аталған конференцияға Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымов, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Президент жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында дамуында ерекшеліктері бар балалар ән айтып, би билеп өздерінің есеп шығару қабілеттерін конференция қонақтарына паш етті. Сондай-ақ, жиында ең қамқор және ерекше көріне білген ата-аналарды грамоталармен, медальдармен марапатталды.