ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер алғаш рет науқасқа тіліксіз ота жасады

0
1 749

Шымкенттік дәрігерлер жол апаты кезінде зардап шеккен 19 жасар қызға тіліксіз ота жасады. Ота кезінде мамандар бойжеткеннің аяғындағы жарылған сіңірін хирургиялық жолмен байлап берген.


ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер алғаш рет науқасқа тіліксіз ота жасады

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасында буынға алғаш рет тіліксіз ота жасалды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жабық операцияны дәрігерлер жол апаты кезінде зардап шеккен 19 жасар қызға жасады. Операция кезінде мамандар бойжеткеннің аяғындағы жарылған сіңірін хирургиялық жолмен байлап берді.

Айта кетейік, жабық операция Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің м.ғ.к профессор Арман Абдуразаковтың жетекшілігімен өтті. Білікті маман операция жасау арқылы жергілікті ақ халаттылармен тәжірбие алмасты.
Шеберлік сабағы кезінде білікті маманның жетекшілігімен аурухана базасында 2 пациенттің тізе буынына тіліксіз ота жасалды.Тіліксіз операция жасау үшін травматологтар «артроскоп» аппаратын қолданып, аяқтағы жарақатты хирургиялық жолмен емдеп берді.
Бұрын мұндай оталарды жасау үшін езіліп кеткен жілікшелерді тізені тіліп, буындарды ашып барып алатын. Енді дененің екі-ақ жері тесіледі.
«Бұл әдістің науқастардың ертерек аяғынан тік тұрып кетуіне пайдасы көп және денеге тыртық түспейді»,-дейді мамандар.