ШЫМКЕНТ: Дарын орталығы маусым айында бірқатар іс-шараларды қашықтықтан өткізді

0
1 460

Ең үздік деген жұмыстар дипломадармен марапатталды.


ШЫМКЕНТ: Дарын орталығы маусым айында бірқатар іс-шараларды қашықтықтан өткізді

Шымкенттегі Дарын орталығы маусым ауында бірқатар іс-шараларды қашықтықтан өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарын, IT технологиялармен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру, шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау, Шымқаламыздың тарихи, мәдени, көрікті жерлерін таныстыру мақсатында «Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» тақырыбында шығармашылық презентация байқауы өткізілді.
Презентация барысында оқушылар туристер не үшін Шымкентке келуі керек деген сұраққа 20 себебін слайдпен көрсетіп берді.
Ең үздік деген жұмыстар дипломадармен марапатталып, Шымкенттегі туристерге арналған ақпараттық дүңгіршекке жолданды.
Сонымен қатар, 28 маусым күні қаланың 5-6 сынып оқушылары арасында Дарын орталығы сайты (http://daryn-shymkent.kz) арқылы математика пәнінен 150-ге жуық оқушыларды қамтып онлайн-олимпиада өкізді.
Жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар орталықтың олимпиадалық резервіне жинақталады.