ШЫМКЕНТ: Дарындылар білім алатын мектепте соңғы қоңырау соғылды

0
347

Оған зиялы қауым өкілдері мен ата-аналар қатысты.


ШЫМКЕНТ: Дарындылар білім алатын мектепте соңғы қоңырау соғылды

Бүгін Шымкенттегі Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатында “Соңғы Қоңырау” салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған зиялы қауым өкілдері мен ата-аналар қатысты. Мерекелік іс-шараға құрметті қонақ болып қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов та түлектерді құттықтап, сәтті сапар тіледі.

Аталмыш оқу орыны қаладағы үздік білім бер ошақтарының бірі. Нақтырақ айтсақ, күні бүгінге дейін білім ордасын 2063 оқушы бітіріп, 123 оқушы «Алтын белгі», 180 оқушы «Үздік» аттестат» иеленді, бітірушілердің 90% -нан астамы мемлекеттік грант иегерлері атанған.
Сондай-ақ, 1996 жылы негізі қаланған мектеп оқушылары осы уақыт аралығында түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарға қатысып, жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Халықаралық деңгейдегі сайыстарда – 28 оқушы, республикалық деңгейдегі сайыстарда – 74 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Мысалы, Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық ғылыми, «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық жобалары сияқты ауқымды білім сайыстарында жүлдегер атанып жүр.
Сонымен бірге, лицей түлектері еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары мен алыс, жақын шет мемлекеттердегі: АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания. Корея, Малайзия, Сингапур, Ресей елдерінің беделді жоғарғы оқу орындарында білім алып, бүгінгі таңда бастапқы буындағы мектеп түлектері елімізде түрлі салаларда білікті маман ретінде қызмет етуде.
Бір айта кетерлігі, оқушыларымен қатар мектеп ұстаздары да түрлі кәсіби конкурстарда өз білімдерін сынап, педагогикалық шеберліктерін шыңдауда түрлі деңгейдегі республикалық сайыстардың үздіктері.
Қазіргі таңда ІТ саласындағы білімдері мен құзіреттілігін жетілдіру үшін ІТ club, Techno club, Media club, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін интеллектум, шахмат үйірмелері, сондай-ақ оқушылардың тілдік құзіреттілігін жетілдіруге бағытталған Open Space жобалары жұмыс жасайды. Open Space жобасы аясында мектеп оқушылары шет елдік білім беру ұйымдарының білім алушыларымен телекөпір арқылы пікір алмасу, дебат, TED x жобаларына қатысып, бүгінгі таңдағы индустрия, инновация және т.б. салалардағы маңызды мәселелер мен экологиялық проблемалар төңірегінде өз ойларын ашық жеткізе білуге дағдылануда.