ШЫМКЕНТ: Діни алауыздық туғызды деп айыпталған күдіктінің ісі сотқа өтті

0
1 549

Шымкенттік Ділмұрат Махаматов бірнеше жыл бұрын Таяу Шығысқа шекара асып барып, ғаламторда экстремистік пиғылдағы жазбаларды белсенді жариялап келген көрінеді. Енді оған нәсілдік, ұлтараздық, діни алауыздық туғызды деп айып тағылған. Іс материалдары сотқа жіберілді.


ШЫМКЕНТ: Діни алауыздық туғызды деп айыпталған күдіктінің ісі сотқа өтті

Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

Радикалдық діни көзқарасты уағыздаушы Ділмұрат Махаматовтың ісі сотқа өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ділмұрат Махаматов бірнеше жыл бұрын Таяу Шығысқа шекара асып барып, ғаламторда экстремистік пиғылдағы жазбаларды белсенді жариялап келген көрінеді. Ең алдымен Қазақстанның тұрғындарына осы сипаттағы оқуларын жолдауды үдеткен. 2018 жылдың қазан айында Ділмұрат Махаматов Сауд Арабиясында құрықталып, Қазақстанның құқық қорғау органдарына табысталған болатын. Елге
әкелінген соң күдікті тұрғылықты тіркелген мекенжайы бойынша Шымкент қаласына жіберілген. Оған қатысты істі Шымкент қаласының ҰҚКД мамандары тергеп тексерді. Махаматовқа нәсілдік, ұлтараздық, діни алауыздық туғызды деп айып тағылған. Іс материалдары сотқа жіберілді.