ШЫМКЕНТ: Достық мөлтек ауданындағы 3 мыңға жуық тұрғын электр қуатымен қамтылады

0
451

Қазіргі уақытта абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатыр.


ШЫМКЕНТ: Достық мөлтек ауданындағы 3 мыңға жуық тұрғын электр қуатымен қамтылады

Шымкент қаласы Достық мөлтек ауданында 2 686 абонент сапалы электр қуатымен қамтылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданына қарасты Достық мөлтек ауданын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталған болатын.
Құрылыс жұмысы барысында 1206 электр бағанасы мен трансформатор орнатылып, 47 шақырымнан астам электр желісі тартылды. Және тұрғындардың сұранысы бойынша, жобадан тыс көшелерге қосымша әр 3 үйге бір электр бағанасы орнатылуда
Елді мекен тұрғындары электр энергиясына әр киловатына 25-30 теңгеден төлеп келген. Алдағы уақытта абоненттеу жұмыстары толық аяқталып, тариф құны 17,9 теңгені құрайтын болады.
Мердігер мекеме есебінен электр энергиясы тұрғын үйдің алдына дейін жеткізіледі. Әрі қарай кабельді қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіріп, тұрғындар өз есебінен жүргізетін болады.
Қазіргі уақытта абоненттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Абоненттеу жұмысы толық аяқталу нәтижесінде Достық мөлтек ауданындағы 2 686 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.