ШЫМКЕНТ: Е.Айтаханов шет елдімекендердің жағдайын жақсарту үшін жұмыс істейтінін айтты

0
766

Шымкенттік тұрғындар қала басшысына өзекті мәселелерін жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Е.Айтаханов шет елдімекендердің жағдайын жақсарту үшін жұмыс істейтінін айтты

Шымкент қаласының әкімі елдімекендердің инфрақұрылымын жандандыру мақсатында Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам», «Сәуле» шағынаудандары мен «Текесу» тұрғын алабының халқымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласына Түркістан облысынан қосылған 41 елдімекендегі нфрақұрылым мәселелерін талқылау барысында тұрғындар қала басшысына жол, ауыз су, абаттандыру, сапалы электрмен жабдықтау, жаңа мектеп салу секілді өзекті мәселелерін жеткізді. Сонымен қатар, Е.Айтаханов кездесу барысында шеттегі елдімекендерді қалалық орта интеграциясына жақындату үшін жұмыс істейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, қала әкімі салалық басқарма басшылары мен аудан әкіміне аталған елдімекендердің инфрақұрылымы мен тазалығына назар аудару керектігін айтып, қоғамдық көліктің жүру бағыттарын тұрғындардың талаптарын ескере отырып, қайта қарауды тапсырды және атқарылған жұмыс бойынша халық алдында есеп беруді міндеттеді.