ШЫМКЕНТ: Екі жүзге жуық көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандыруды қажет етеді

0
960

Қазіргі таңда 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылған.


ШЫМКЕНТ: Екі жүзге жуық көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандыруды қажет етеді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандырып, балалар ойын алаңын салу қажет, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Әл-Фараби ауданы бойынша 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. Қазіргі таңда 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, қалған 183 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандыруды және балалар ойын алаңшасын орнатуды қажет етіп тұр. Сонымен қатар, қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аудандағы 100 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату «Строи.ком «Прогресс» ЖШС-мен түзілген келісім-шартқа сәйкес жүргізіліп жатыр және жұмыстар 45 пайызға орындалған.

Сондай-ақ, аталған аудан аумағында жыл басынан бері 34 көшеге жөндеу және 3 көшеге жалпы құны 7,8 млрд. теңгеге қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жолдарды жөндеу жұмыстарына бюджеттен 7,8 млрд теңге қаржы қаралған.