ШЫМКЕНТ: 6 кәсіпорын жұмысшыларына 27 миллион қарыз

0
1 288

2019 жылы Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы және көші-қон басқарма тарапынан 238 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары қаралған.


ШЫМКЕНТ: 6 кәсіпорын жұмысшыларына 27 миллион қарыз

Былтыр Шымкентте еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 4,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов айтты.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін басқарма тарапынан 359 азаматтың арыз-шағымы мен мекемелердің хаттары қаралған. Шағымдар негізінде 102 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 83-тен астам заңбұзушылық анықталыпты. Басқарма тарапынан заңбұзушылықты реттеу бойынша 50 нұсқама берілген екен.

"Бүгінгі таңда қаламыз бойынша 6 кәсіпорында жалақы қарызы бар. Оның жалпы қарыз соммасы 27 млн теңгені құрайды. Негізі бұл көрсеткіш біз жұмыс бастаған уақытта 192 млн теңгені құрайтын. Әртүрі жұмыстар жүргізу нәтижесінде бізде қазіргі таңда 27 млн теңге қалды. Бұл бойынша да тиісті жұмыстар ұйымдастырып занамамен рұқсат берілген тетіктерді пайдалана отырып бұл сұрақтарды шешіп келеміз", дейді басқарма басшысы Бауыржан Қалжанов.

2019 жылы еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша екі айдың қортындысы бойынша 238 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары қаралған. Қаралған арыз-шағымдар негізінде, мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 57 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 40 заңбұзушылық анықталған. Осы анықталған заңбұзушылықтардың негізінде 24 нұсқама берілген. Бүгінде еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 1,8 млн теңге көлемінде 14 әкімішілік айыппұл салынып отыр.